Тунис Жоғары тәуелсіз сайлау комиссиясы 25 шілдеде өткен референдумда жаңа конституция жобасының қабылданғанын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Комиссия төрағасы Фарук Буаскердің айтуынша, сайлаушылардың 94,6%-ы Тунистің жаңа конституциясының жобасын қолдаған. Ал 5,4 % пайызы қарсы дауыс берген.
Референдумға 2 630 094 сайлаушы қатысқан.
«Жоғарғы тәуелсіз сайлау комиссиясы Тунис Республикасының жаңа конституциясы жобасының қабылданғанын хабарлайды», деді Буаскер.