• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 27 Шілде, 2022

Қазақстанда коронавирус бойынша өлім-жітім азайды

196 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігі жыл басынан бері Қазақстандағы коронавирусқа қатысты өлім-жітім статистикасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биыл 6 айда КВИ-дан 785 адам қайтыс болды. Өлім-жітім көбінесе қаңтар-ақпан айында болды. Атап айтқанда, қаңтарда коронавирус салдарынан 311 адам қайтыс болды, ақпанда - 411, наурызда - 54, сәуірде - 3, мамырда - 3, маусымда - 1 және шілде айында 3 пациент қайтыс болды», деді Вячеслав Дудник орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері коронавирустан қайтыс болғандар туралы статистиканың күнделікті жарияланбауына қатысты түсінік берді.

«Маусымнан бастап коронавирус бойынша өлім-жітім азайды. Статистиканы күнделікті жариялаудың қажеті жоқ. Коронавирус жұқтырып, арты өлімге алып келген жағдайларға қатысты мәлімет бойынша министрлікке жүгінуге болады», деді Айжан Есмағамбетова.