• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 27 Шілде, 2022

Медицина университетінің экс-проректоры сотталды

209 рет
көрсетілді

Астана медицина университетінің экс-проректоры М.Дәулетьярова пара алғаны үшін бас бостандығынынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының №2 соты үкімімен «Астана медицина университеті» КЕАҚ проректоры М.Дәулетьярова қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде мерзімін өтеумен 3 жылға бас бостандығынан айырылды.«Ол жеке компаниялардың басшысы Э.Гриценкодан электронды кітаптарды жеткізудегі жалпы қамқорлығы үшін 10 000 АҚШ доллары сомасында пара алғаны үшін, сондай-ақ делдал М.Қапаров арқылы ректор лауазымына тағайындау үшін 47 000 АҚШ доллары сомасында пара беруге әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылды», делінген Антикор хабарламасында.Сот Гриценконы 3 жылға бас бостандығынан, делдал Қапаровты 7 жылға бас бостандығынан айырды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.