• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Туризм 27 Шілде, 2022

Имантау-Шалқар курорттық аймағы экологиялық туризмді дамыту орнына айналады

527 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Солтүстік Қазақстан облысының Иман­тау-Шалқар курорттық айма­ғында жаңа туристік маусым­ның ашылуы аясында турбизнес, әкімдік және экология ми­нистрлігі өкілдерімен кезде­су өткізді. Тараптар саланы дамытуға арналған перспек­тивалық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

«Қазақстанның әр өңірінде бола­шақта экологиялық және танымдық туризм орталықтары бола алатын ерекше орындар бар. Соның бірі еліміздің солтүстігінде – «Көкшетау» ұлттық паркі аумағында орналасқан Имантау-Шалқар курортты аймағы, ол туристік ағындардың 5 есе өсу әлеуетіне ие, яғни жылына 280 мың туриске дейін қабылдай алады», деп атап өтті министр Дәурен Абаев.

Өз кезегінде турбизнес өкілдері Шалқар көлінің бойындағы жолды жөндеуге және инженерлік инфра­­құ­­рылым құрылысына рұқсат беруді сұрайды. Курорттық аймақ «Көк­ше­тау» ұлттық паркінің аумағында ор­на­ласқан және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағында.

«Көл аумағын сапалы дамыту үшін әкімдікпен бірлесіп туристік ин­фрақұрылымды жабдықтауға мүм­кіндік беретін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу қажет. Бұл жұмыс басталып та кетті», деді ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Нұрлан Қылышбаев.

Министр Д.Абаев сондай-ақ Шал­қар және Имантау көлдерінің бойын­дағы турис­тік базаларды аралап, ашық аспан ас­тындағы мұражай құры­лы­сының жо­басымен танысты, «Шалқар Су» санаторийінің қалпына келтірілу жұмыстарының барысын көрді.