Римде өтіп жатқан грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
60 килоға дейінгі салмақта бақ сынаған Юсуф Ашрапов 1/8 финалда армениялық Гаспар Тертеряннан 1:2 есебімен ұтылды. Бірақ армян спортшысы финалға өткендіктен, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды. Онда ол америкалық Зан Роберт Фуджиттаны (14:5) және түрік Юсуф Кылчанды (10:1) жеңді. Қола медаль үшін белдесуде Юсуф Ашрапов Иран өкілі Абольфазл Миршекарды жеңді, есеп – 11:10.
Айта кетейік, бұған дейін 48 кило салмақта қазақстандық Арсен Жұма қола медаль алған.