• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 28 Шілде, 2022

Елордада баланы ұрған тәрбиешіге айыппұл салынды

227 рет
көрсетілді

Елордадағы жекеменшік балабақша тәрбиешісі балаға жеңіл дене жарақатын келтірген, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биыл 7 маусымда елордада жеке балабақшаның тәрбиешісі баланы ұрған (жеңіл дене жарақатын алды). Болған жайтқа қатысты әкімшілік іс қозғалып, тәрбиешінің іс-әрекетіне Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 73-1-бабының 1-бөлігі бойынша «денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» деген құқықтық баға берілді. Сот отырысы барысында айыпты К. өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді», делінген ресми ақпаратта.

Соттың шешімімен балабақша тәрбиешісі кінәлі деп танылып, 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

«Сот тағайындаған бап санкциясына сәйкес кінәліге 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке қамау көзделген. Сондай-ақ сот кінәлі К-ның жас баласының болуына және жасаған ісіне өкінуіне байланысты жауапкершілікті жеңілдететін жағдайды қарастырады», деп хабарлады қалалық соттан.

Одан бөлек, елордалық сот Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 50-бабы 2-бөлігіне сәйкес жүкті және 14 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған әйелдерді қамауға алуға болмайтынын айтып отыр.

«Осыған орай сот балаға дене жарақатын келтірген тәрбиешіге 15 АЕК көлемінде айыппұл салды (45 945 теңге)», деді ведомстводан.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.