• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Шілде, 2022

Қазақстанда 3 мыңнан астам әке декретке шыққан

262 рет
көрсетілді

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемелдің айтуынша, өткен жылы 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты 3 мыңнан астам ер адам мемлекеттен әлеуметтік төлем алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«1 жасқа дейінгі бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлем ата-ананың біреуіне ғана тағайындалады. Яғни не әкесінің атына не болмаса анасының атына. Ал нақты бала күтімімен кім айналысады оны ата-ананың өздері шешуге құқылы», деді Нұрсұлу Кемел орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, өткен жылы елімізде 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты 385 мың әлеуметтік төлем тағайындалды.

«Оның ішінде 3 мыңнан астамы - ер адамдар. Бұл әлеуметтік төлем баланың әкесіне төленгенін білдіреді», деді ол.

Қор директоры бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлем мөлшері ата-ананың соңғы 2 жылдағы орташа айлық табысының 40%-ын құрайтынын айтты.

Сондай-ақ егер екі және одан да көп бала туған кезде төлем әрбір балаға жеке тағайындалатынын айта кету керек.