• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Шілде, 2022

«Өнеге-Бейсен-Сайқын» тас жолының үштен бір бөлігі дайын

360 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан өңірінде орналасқан «Өнеге-Бейсен-Сайқын» тас жолының  үштен бір бөлігінде қозғалыс қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күре жолдың 35 шақырымында асфальт төселді. Жақын арада жол таңбалары сызылады. Жол-құрылыс жұмыстарын отандық мердігер ұйымдар жүргізуде.

Күрделі жөндеу нысанында құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін барлық қажет ресурс қарастырылды. Осылайша, 140-тан астам арнайы техника мен 200-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылды. Жұмыстар тәулік бойы және кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Жұмыс қарқынын арттыру үшін мердігер ұйымдар екі асфальтбетон зауытын (АБЗ) іске қосты. Жол-құрылыс материалдарының бір бөлігі көршілес Ақтөбе және Маңғыстау облыстарынан тасымалданады.

Аталған республикалық трассаның жалпы ұзындығы 103 шақырымды құрайды. Күре жол 2 учаскеден тұрады. Жолды қолданысқа беру 2023 жылдың соңына жоспарланып отыр.

Еске салайық, бұл жол құрылысы ұзаққа созылған күре жолдардың қатарында болатын. Алайда биыл жол-құрылыс жұмыстары қайта жанданып, қарқынды жүруде.