Қазақстандық спортшы Ярина Пуганцова Болгарияда кадеттер арасында таеквондодан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Таеквондо федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол 29 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде сайысқа түсті. Спортшы төрт рет жекпе-жек өткізіп, оның үшеуінде жеңіске жеткен.
Тек ақтық сында ирандық Баран Ливани Джамалдан жеңіліп қалды. Осылайша, Ярина Пуганцова әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.