• RUB:
    5
  • USD:
    492.17
  • EUR:
    522.39
Басты сайтқа өту
Тағайындау 29 Шілде, 2022

Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

436 рет
көрсетілді

Ұзынкөл ауданының әкімі Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Мұрат Міртайұлы Сандыбаев Ұзынкөл ауданының әкімі қызметінен босатылып, ағымдағы жылғы 28 шілдеден бастап Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды», делінген хабарламада.

М.Сандыбаев Ұзынкөл ауданының тумасы, бұрын Федоров ауданы әкімінің орынбасары, Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Ұзынкөл ауданының әкімі болып жұмыс істеген.