• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 29 Шілде, 2022

Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырғандар көбейді

301 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында осы аптада вирус жұқтыру көрсеткіші екі есе артты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында қаңтар айында - 7462, ақпанда - 1454, наурызда - 27, сәуірде - 4, мамыр айында - 3, маусымда 2 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Шілде айында 335 адамның ПТР сынамасы оң мән көрсетті.   «Қазіргі уақытта 237 науқас үйінде карантинде жатыр. Барлығына медициналық бақылау жүргізіледі. Өткен аптаға қарағанда аурушаңдық көрсеткіші 2,2 есеге өскен. Науқастардың 80% Ақтөбе қаласының тұрғыны әрі көбі вакцина салдырмаған», деді облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Райхан Қойшанова.   Қазір Ақтөбе облысы бойынша 112 кереует дайындалып, жұмыс істеп тұр. Барлық ауданда инфекциялық стационар бар. Инфекциялық кереует жүктемесі 18%, ал реанимациядағы кереует жүктемесі 5% құрап отыр.   «Ақтөбе облысы бойынша 442 мыңнан астам адам вакцина салдырды, 223 мыңнан астамы ревакцинациядан өтті, 20 600-ден астам адам қайта ревакцинация қабылдады. Қазір біздегі қалалық және аудандық емханаларда Sinopharm және QazVac вакциналары бар. Сондықтан барып, вакцина салдырған жөн», деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.