• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 29 Шілде, 2022

Елордада шетелдік жүргізуші полицейге пара бермек болған

158 рет
көрсетілді

Әкімшілік жауапкершіліктен құтылуға тырысқан жүргізуші патрульдік полицейге 5 мың теңге ұсынған, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін Өзбекстан Республикасы азаматының басқаруымен «ВАЗ 2115» маркалы автокөлікті тоқтатқан.

«Әкімшілік жауапкершіліктен құтылуға тырысқан жүргізуші патрульдік полицейге 5 мың теңге ұсынған. 27 жастағы жүргізуші оның іс-әрекетінің заңсыздығы туралы ескертуге қарамастан, патрульдік көліктің салонына ақшаны қалдырған, содан кейін ұсталған. Тәртіп бұзушының заңсыз әрекеттері полицейдің қызметтік бейнетіркегішіне жазылып қалған. ҚР ҚК 367-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деп жазылған хабарламада.

Күдікті өз кінәсін толық мойындаған.