• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 30 Шілде, 2022

Нұр-Сұлтан қаласы әлі де «сары» аймақта тұр

248 рет
көрсетілді

30 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оған сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймақта орналасқан. Қалған өңірлердің барлығы - «жасыл» аймақта.

«Қызыл» аймаққа енген өңірлер жоқ.

Айта кетейік, елорда «сары» аймаққа 21 шілдеде енген болатын. Өткен бір тәулікте Қазақстанда инфекция 3107 адамнан анықталса, науқастардың ең көп саны (932) елордада тіркелген.