COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия инфекцияға шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 шілдедегі мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавирустан 25 396 адам (–25 175+ және 221 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 1 527 пациент стационарда, 23 869 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония) шалдыққандардың арасында:
40 адамның жағдайы ауыр, - 14 пациенттің жағдайы өте ауыр, - 5 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.