• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Шілде, 2022

Жетісу облысында 15 жастағы оқушының денесі табылды

278 рет
көрсетілді

Жетісу облысында 15 жастағы жасөспірімді зорлап, өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция жоғалған қыздың денесін тапты. Оны іздестіру жұмыстары бір апта бойы жүргізілді.

«Күдікті қаза болған қыз тұратын ауылдың тұрғыны болып шықты. Анықталғандай, күдікті оқушыны алдымен зорлап, артынша қылмысын жасыру үшін өлтірген. Кейін ауылдың шетіне барып көміп тастаған. Ол мұндай әрекетке қылмысын жасыру үшін барғанын айтты. Қазір жасөспірім қыздың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді», делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, күдікті қамауға алынды. Ол өмір бойына бас бостандығынан ауырылуы мүмкін.

Оқиға 21 шілде күні Панфилов ауданында болды.