• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ахмет Байтұрсынұлы 31 Шілде, 2022

Бас жүлде қызылордалық оқытушыға бұйырды

269 рет
көрсетілді

Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсын­ұлының 150 жылдық мерейтойы аясында Ғылым және жоғары білім минис­трлігіне қарасты Тіл саясаты ко­ми­теті, Шайсұлтан Шаяхметов атын­дағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практи­калық орталығы ұйымдастырған ұлт ұстазы атындағы оқыту­шылардың республикалық байқауы мәресіне жетті. Тараз төрінде өткен байқауға еліміздің әр қиырынан 12 үміткер қатысты.

Дәстүрлі түрде ұйымдасты­рылып келе жатқан байқаудың жоғары деңгейде өтуіне Жамбыл облысы әкімдігі айтарлықтай үлес қосты. Өз кезегінде қатысушылар жақсы дайындықпен келгендерін байқатты. Олар бұрынырақта Facebook әлеуметтік желісіндегі tilqazyna парақшасы арқылы өз­дерінің бейнесабақтарын жария­лаған болатын. Сайыстың алғашқы кезеңінде әр үміткер қазақ тілін оқытудағы өзінің жинақтаған тә­жі­рибесі негізінде авторлық бағ­дарламасын ұсынса, қазылар ал­қасы олардың жұмысын өз деңгейінде бағалап отырды.

Бірнеше кезеңді қамтыған байқаудың шешуші кезеңінде үміткерлер тіл үйренушілерге сөйлеу әрекетінің төрт түрі бо­йынша (оқылым, жазылым, тың­да­лым, айтылым) тапсырмалар беріп, аудиториямен жұмыс жасау қабілетін байқап көрді. Тапсырманы орындауға топ мүше­лерін белсенді қатыстыру жағы қатаң ескерілді.

Жоғары деңгейде өткен байқау қорытындысында жеңімпаз бен жүлдегерлерді қазылар алқасының мүшелері, есімі елімізге кеңінен танымал ғалымдар марапаттады.

Нәтижесінде, павлодарлық Тәт­тігүл Бекенова, ақмолалық Ғайнел Дүйсенбаева, қос­та­найлық Айнұр Миркемелова үшінші орынға ла­йық деп танылса, қарағандылық Фариза Боранғазы мен ақтөбелік Шың­ғысхан Түменбаевқа екін­ші орын бұйырды. Байқау қоры­тын­дысында жамбылдық Гүлде­райым Болатқызы бірінші орын иеленсе, қызылордалық Алтынай Орынбаева бас жүлдегер атанды.

 

Тараз