• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Тамыз, 2022

Мұнай өнімдерін заңсыз шығарғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

192 рет
көрсетілді

Биыл 4 млрд теңгеге жалпы көлемі 20 мың тонна мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактілері бойынша 35 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz  Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

«Жыл басынан бері ҚМА 4 млрд теңгеге жалпы көлемі 20 мың тонна мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактілері бойынша 35 қылмыстық іс қозғады. Анықталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында жанар-жағармайдың шығу көздері мен оның айналымына қатысы бар тұлғалар анықталуда. Өңірлерде шекара қызметі және мемлекеттік кіріс органдарымен өзара іс-қимыл жолға қойылып, бірлескен жұмыс жоспарларына қол қойылды», делінген ресми хабарламада.