• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 02 Тамыз, 2022

Бір тәулікте 101 жағдай тіркелді

134 рет
көрсетілді

Коронавирус инфекциясымен күрес жұмыстары өңірде қарқынды түрде жүргізіліп жат­қанына қарамастан, тұрғындар арасында қауіп­ті дертті жұқтыру деректері азаймай тұр. Соңғы тәуліктің өзін­де облыста 101 азамат коронавирус дертін жұқтырғаны бел­гі­лі бол­ды.

«2022 жылдың 30 шілдесі күні облыс аумағында жалпы COVID-19 дертінің 28 215 жағдайы тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдылық көрсеткіші 2 451-ді құрады. Пневмонияның 8 661 жағ­дайы тіркелген (100 мың тұр­ғын­ға шаққандағы көрсеткіш – 752,4). Ал өткен тәулікте коро­на­ви­рус дертіне шалдыққандардың 101 жағ­­дайы анықталды, пневмония ауруын жұқтырған азамат тір­кел­ген жоқ. Жалпы, бүгінге дейін 26 738 азамат дертінен сауығып шықты», дейді облыс әкімдігі ден­сау­лық сақтау бас­қар­ма­сының басшысы Әсет Қалиев.

Басқарма басшысының айтуынша, қа­зіргі кезде сырқатқа шалдыққандарды ин­фекциялық стационарға орналастыру бо­йынша ешқандай мәселе жоқ. Бүгінгі таңда өңірде 261 төсектік орны бар болса, оның 29 пайызы ғана дерт жұқтырған азаматтармен тол­ған. Оның ішінде 8 азамат жан­сақ­тау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Бұл қарастырылған төсек­тік орынның 28 пайызын құрап отыр.

Жалпы, облыс бойынша 23 БМСК ұйым­да­рында 45 егу пункті бар, олардың 16-сы қа­­ла­да ор­на­ласқан болса, 29-ы – аудан­дарда.

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап облысқа 380 440 доза QazCovid-in – отандық вакцинасы (190 220 адамға), 843 590 доза Спутник V (421 795 адамға), 60 мың доза (30 мың адамға) Хаят Вакс, 34 мың доза (17 мың адамға) КоронаВак, 303 мың (151 500 тұлғаға) арналған VeroСell Синофарм, 10 мың доза Спутник Лайт, 333 450 доза Pfizer (США) вакцинасы жеткізілген болатын.

«Өңірде 638 897 азамат вакцинаны (101,2%) бірінші ком­понентімен, 633 121 адам екінші компонентін (100,3%) салдырды. Вакцина қабылдағаннан ке­йін дерттің асқыну жағдайы тір­келген жоқ. Бүгінгі таңда 18 жастан асқан азаматтарды вакциналау үшін екінші компонент бо­йынша 2 313 доза вакцина қалды. Ре­вак­циналаудан өткен азаматтардың саны 408 984 адамды құрап отыр. Файзер вак­цинасының бірінші ком­по­нен­тімен 133 531 адам (бұл 139 230 адамның 95,9%-ы), екінші компонентімен 129 233 адам (92,6%) қамтылған. Оның ішінде 113 936 (103.4%) жасөспірім, 4 441 (57,4%) жүкті әйел және 15 154 (71,2%) бала емізетін әйел қам­тыл­ды», дейді Ә.Қалиев жағ­дай­ды түсіндіріп.

Оның сөзіне сүйенсек, өңірде ко­ро­навирус инфекциясымен кү­рес қалыпты деңгейде жүргізіліп жатыр. Мамандар қауіпті дерттің алдын алуда аянбай еңбек етуде. Әйткенмен, тұрғындар сақтық шарасын сақтағаны ләзім. Аталған дертке шалдыққандардың қарасы артқан жағдайда, оларды қабылдау үшін резервте тұрған қосымша төсектік орындар жеткілікті.

«Жалпы, өңірдегі жағдай бақы­лауда. Дегенмен тұрғындар сақтық шарасын сақтағаннан ұтылмайды. Аза­маттар осыны қаперден шығар­маса екен», дейді өңірдің бас дәрі­гері.

 

Жамбыл облысы