Қазақстанда доллардың теңгеге шаққандағы құны 2,48 теңгеге көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 477 – 482 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 478 – 482 теңге аралығында құбылып тұр. 1 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,48 теңгеге қымбаттап, 479,55 теңге болған.
Ұлттық банктің 2 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 479,51 теңге.