• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 02 Тамыз, 2022

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын алуға өтінім қабылдау басталды

512 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Мемлекет басшысы бекіткен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлады. Оларға 14-29 жас аралығындағы жастар үміткер бола алады, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

 

2022 жылы конкурс шеңберінде 30 грант беріледі, олардың әрқайсысы 3 миллион теңгеден болады.

Грантты тағайындаудың мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады. Оны алуға конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде жасы 14-тен кіші емес және жасы 29-дан үлкен емес Қазақстан азаматтары үміткер бола алады.

Гранттар ҚР азаматтарына келесі бағыттар бойынша жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде беріледі:

«Ғылым» - ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобалар мен зерттеулерді іске асыру үшін;«Мәдениет» - Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін;«Ақпараттық технологиялар» - жаңа IT-шешімдер мен жобаларды, оның ішінде бастаушы стартап-жобаларды іске асыру және әзірлеу үшін;«Бизнес» - экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін;«Медиа» - жаңа медиа-жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контентті құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін.Үміткерлердің конкурстық өтінімдері (қағаз нұсқада) биыл 14 тамызға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі Әкімшілік ғимараты (14-кіреберіс); байланыс телефондары: 8(7172)74-12-78, 8(702-000-88-12).

Электрондық нұсқаны пошта арқылы generation.kaz@gmail.com жіберу керек .

Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:- жобаның сипаттамасы;- жобаның бейне-презентациясы (60 секундтан артық емес);- шығындар сметасының жобасы;- зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса).