• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Тамыз, 2022

Кеміргіштен келер кесел көп

341 рет
көрсетілді

Жаздың аптап ыстығында адам мен үй жануарлары үшін аса қауіпті саналатын кеміргіштер мен кенеден абай болған жөн. Жауапты мамандар нақ осы кезде сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

Зиянкестердің күрт көбе­юі­не әсер ететін негізгі фактор түрлі тұрмыстық қалдық­тар­дың бей-берекет тасталуы. Осының салдарынан қала аума­ғындағы саябақтарда, әсі­ресе көпқабатты үйлердің маңын­да адам денсаулығы үшін аса қауіпті кеміргіштер көбейеді. Ма­мандардың сөзінше, кемір­гіштердің кейбір түрлері тіп­ті өлім жағ­дайларына әкеліп соқ­тыратын жұқпалы ауру­лардың ошағы саналады.

Қышыма кененің кейбір тұқым­дастары тіпті көзге де шалынбайды. Бұл жәндік адам бойында бөртпе, сүзек, кене энцефалиті, туляремия сияқты аурулардың өрбуіне жол ашады. Мұндай кенелер жаңбырдан кейін көгалды жерлерде көптеп кездеседі. Сондықтан табиғат аясына көкке шығатын тұрғындар бұл жағдайды қаперінде ұста­ға­ны абзал. Мамандар зиянкестермен күрес мәселесі әр­дайым басты назарда, бірақ, әр азамат тазалыққа мән беріп, сақ жүргені жөн дегенді айтады. Алматы қаласы аумағын зиянкестерден залалсыздандыру жұмыстарының жазғы науқаны қыза түскен. Арнаулы кесте негізінде таулы аймақтар мен демалыс орындарында, қала аумағындағы саябақтарда залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұған құрамында тәжірибелі эпидемиолог дәрігерлер бар мамандар тобы жұмылдырылған.

 

АЛМАТЫ