• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 03 Тамыз, 2022

Коронавирустан 2 адам көз жұмды

214 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 2 адам коронавирустан қайтыс болғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Министрлік ұсынған соңғы деректерге сәйкес, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 33 жағдайы анықталды, өлім жағдайлары болған жоқ.

Жалпы пандемия басталғалы пневмониядан 5357 адам қайтыс болды. Ал коронавирустан 2 адам көз жұмды. Бүгінге дейін вирустан 13 666 адам қайтыс болды.

3 тамыздың таңында таратылған ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанда қазіргі уақытта коронавирустан 27 747 адам (–27 498+ және 249 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 1 505 пациент стационарда жатса, 26 242 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:

32 адамның жағдайы ауыр; 8 пациенттің жағдайы өте ауыр; 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.