• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Таным 03 Тамыз, 2022

Объективтегі Марқакөл қазағы

216 рет
көрсетілді

Бұл фотосурет географ, ботаник, этнограф, Том мемлекеттік университетінің профессоры (Сібірде құрылған алғашқы жоғары оқу орны), Оңтүстік Сібір өлкесін зерттеуге елеулі үлес қосқан В.В.Сапожниковтың (1861-1924) фотосуреттер жинағынан алыныпты.

Ол бұл фотосуреттерді 1895-1899 жылдары Таулы Алтайға жа­саған экспедициялары кезінде түсіріп, кейін Барнаулдағы Алтай мемлекеттік өлкетану мұ­ра­жайына берген. Зерттеуші 1904 жылы мұражайға жаса­ған экспедицияларының фото жи­на­ғы мен соған байланыс­ты ма­­териалдарын аталған му­зей­­ге табыстаған. Әрбір фото­су­ретке Сапожников жазған географиялық анықтамасы бар аннотация қоса беріл­ген. Топтама Оңтүстік Сібір аймағының әртүрлі географиялық нысандарын қамтитын күрде­лі және әсерлі көріністерімен ерекшеленеді. Көптеген фотосуретте Сапожников пен басқа экспедиция мүшелерінің қиын сәттермен күресіп, өзендердің суы тасыған шақтағы кездес­кен қиындықтарды жеңгенін байқауға болады. Фотосурет иесінің ғылыми қызметі 1898 жылы ол қызмет атқарған Орыс географиялық қоғамымен тығыз байланысты. Аталған коллекция Алтай мемлекет­тік өлкетану мұражайында сақтаулы. Бұл жәдігер суреттер 2000 жылдардың басында «Шекаралар кездесуі» цифрлық кітапхана жобасы үшін цифр­ландырылыпты.