Бүгін Нұр-Сұлтанда дзюдодан Азия чемпионаты басталды. Қазақстандық спортшы Әбиба Әбужақынова турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Ол 48 келіге дейінгі дәрежеде алтын медаль үшін күреседі. Бірінші жекпе-жекте ол Чен-Хао Линді (Тайпей) жеңді. Ал жартылай финалда Наранцецег Ганбаатарданды (Моңғолия) ұтты.
Енді үшінші орын үшін Мағжан Шамшадин (60 келіге дейін), Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін) бақ сынайды.