• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Тамыз, 2022

Дүкендегі ойыншықтар балаға қауіпсіз бе?

957 рет
көрсетілді

Балаларға арналған ойыншықтарды таңдау кезіндегі ата-аналардың біліктілігін анықтау маңызды. Осы ретте Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары Талдықорған қаласының тұрғындары арасында ойыншықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды білу бойынша са­уалдама жүргізді.

Дүкенде ойыншықтардың қауіпсіздігін рас­тайтын құжаттарды сұрайсыз ба? Маман­дар осы сұрақты маңызға алды. Сауал­дамаға барлығы 40 респондент қа­тыс­ты. Оның қорытындысы бойынша тұты­нушылардың 89%-ы ойыншықтарды таң­балауға назар аудармайтыны белгілі болды.

«Сіз ойыншық сатып алғанда алдымен неге назар аударасыз?» деген сұраққа 72,5% тұрғын – тауар сапасына, 26,5% – өндіріс еліне, 42% – бағасына және респонденттердің тек 11%-ы тауардың таңбалануына назар аударатынын айтты. Сонымен қатар респонденттердің 73%-ы баға – ойыншықтарды сатып алу кезінде шешім қабылдауға әсер ететін маңызды факт екеніні атап өтті.

«Сіз ойыншық сатып алған кезде ойыншықтың таңбасындағы ақпаратты оқисыз ба?» деген сұраққа респонденттердің тек 47%-ы «Иә» деп жауап берді.

Сондай-ақ тұтынушылардың 75%-ы сатушылардан ойыншықтардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құ­жат­тарды сұрамайтыны белгілі болды. Тиі­сінше, сұралғандардың 53%-ы Кеден одағының «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентін білмейді.

Айта кетейік, сауалдама жүргізілгеннен кейін тұрғындарға ойыншықтарды таң­ба­лау­ға қойылатын талаптарды түсін­діретін парақшалар табыс етілді. Өйткені бұл – бала­ларыңызға бақытты және қауіпсіз ба­ла­лық шақты қамтамасыз ететін ең құнды ақпарат.

 

Жетісу облысы