• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Тамыз, 2022

Қазақстанда темекі тағы қымбаттайды

708 рет
көрсетілді

2023 жылдан бастап Қазақстанда темекі өнімдеріне акциз ставкалары кезең-кезеңімен өседі, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Ставкалар 2023, 2024 және 2025 жылдарға бекітілген.

Атап айтқанда, Салық кодексінің 463-бабы 4-тармағының 1) тармақшасындағы кестенің 14, 15, 16, 18, 21 және 22-жолдарына өзгерістер енгізілді.

Фильтрі бар сигареттер:

2023 жылы – 14 100 теңге/1 000 дана; 2024 жылы – 15 900 теңге/1 000 дана; 2025 жылы - 15 900 теңге /1000 дана.

Сондай-ақ сигарилларға акциз ставкалары сигареттер ставкаларына теңестірілген. Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға өлшем бірлігін килограмнан данаға өзгерте отырып, сигареттерге акциз ставкасының мөлшерінен 70 пайыз деңгейіндегі акциз ставкасы айқындалды:

2023 жылы – 9 870 теңге /1000 дана; 2024 жылы – 11 130 теңге /1000 дана; 2025 жылы - 11 130 теңге /1000 дана.

Одан бөлек, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына өзгерістер енгізілді.

Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі никотині бар сұйықтыққа ставка артып:

2023 жылы – 53 теңге/сұйықтық миллилитріне; 2024 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне; 2025 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне құрайды.