• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Тамыз, 2022

Көкшетаудағы бағаны тұрақтандыру қорының жұмысы тиімсіз болып шықты

261 рет
көрсетілді

Ақмола облысындағы «KOKSHE» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жұмысында бірқатар кемшілік анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2014 жылдан бастап корпорация бірлескен жобаларды іске асыру үшін шамамен 40-қа жуық ЖШС құрғандығы анықталды. Алайда олардың көпшілігі іс жүзінде өз қызметін жүзеге асырмайды. Талдау көрсеткендей, бүгінгі күні әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы шығынды кәсіпорын және негізінен әкімдіктің қаржылық қолдауы есебінен жұмыс істеуде», делінген Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті таратқан хабарламада.

Ведомстводан атап өткендей, тұрақтандыру қорының қызметінде де тиімділіктің жеткіліксіздігі байқалады. Тұрақтандыру қорынан азық-түлік өнімдерін төмендетілген бағамен сату облыс орталығында ғана 4 сауда павильоны арқылы жүзеге асырылды. Бұл өңірдің барлық халқының қажеттілігін өтемейді.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға арналған бюджет қаражаты мақсатты жұмсалмаған. Ал тұрақтандыру қорының жұмыс тетігінің өзі тиімсіз болып шықты. Бұдан басқа, Кәсіпкерлік басқармасы тарапынан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қызметіне тиісті бақылау жоқ. Сыртқы талдау барысында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы теңгерімінде жайылымға арналған жалпы ауданы 1 372 га 17 жер учаскесі бар екені анықталды. Алайда бұл жерлер мақсатына қарай пайдаланылмайды. Бұл ретте ауыл тұрғындары жеке ауладағы мал жаю үшін жайылымдық жерлердің тапшылығына шағымданады. Талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін облыстық Аntikor тиісті ұсыныстар енгізді», деп толықтырды ведомстводан.