• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Тамыз, 2022

Ғұсман Қырғызбаев - дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері

169 рет
көрсетілді

Дзюдодан Қазақстан командасының қоржыны Азия чемпионатының тағы бір медалімен толықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Кезекті жүлдені 66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Ғұсман Қырғызбаев иеленді. Үшінші орын үшін айқаста ол Кубанычбек Айбекулумен (Қырғызстан) кездесуі керек еді. Алайда татамиге қарсыласы шықпады. 

Осылайша Қырғызбаев кола медаль иеленді. Бұған дейін екінші орынды Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін) иеленсе, Мағжан Шәмшадин үшінші тұғырға көтерілген болатын.