• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Тамыз, 2022

Полиция генерал-майоры изоляторда көз жұмды

203 рет
көрсетілді

Тергеу изоляторында жатқан генерал-майор Жайлаубек Халықұлы қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Таңғы сағат 7-лер шамасында қамауға алынған Ж.Халықұлын қарауыл инспекторы тапты. Мекеменің кезекші ауысымы дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қолданылған шараларға қарамастан, тергеудегі адамды аман алып қалу мүмкін болмады», делінген ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті  таратқан хабарламада.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері мен облыстық ІІД басшылығы келгені нақтылануда. Басқа ұсталғандармен әңгіме жүргізілді. Тексеру нәтижесінде оған қатысты заңсыз әрекеттер фактілері анықталған жоқ.

Қазіргі уақытта ішкі аудит жүргізіліп жатыр, оның нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

Марқұм болған Жайлаубек Халықұлы 2009 — 2016 жылдар аралығында Алматы және Ақмола облыстары полиция департаменттеріне басшылық еткен.

Ол бұған дейін қылмыстық істі тоқтату үшін пара алды деп айыпталған болатын.