5 тамыздағы мәлімет бойынша, 28 469 адам коронавирус инфекциясынан (–28 157+ және 312 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Олардың ішінде 1 466 пациент стационарда, 27 003 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
34 адамның жағдайы ауыр,
9 пациенттің жағдайы өте ауыр,
5 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.