• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 08 Тамыз, 2022

Коронавирустан емделіп жатқан 35 науқастың жағдайы ауыр

146 рет
көрсетілді

8 тамыздағы мәлімет бойынша, 27 116 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналындағы деректерге қарағанда, олардың ішінде 1 466 пациент стационарда, 26 650 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

35 адамның жағдайы ауыр,  8 пациенттің жағдайы өте ауыр,  4 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.