• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Тамыз, 2022

Оралда кәсіпкердің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

369 рет
көрсетілді

Оралда кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Арнайы операция нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігіне қайта сараланды, онда 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру қарастырылған. Іс Ішкі істер министрінің бақылауында», деді ІІМ өкілдері.

Айта кетейік, оқиға 6 тамыз күні болған еді. Еркін Мұханғалиевтің мәйіті П.Атоян атындағы стадионның тұрағынан табылды. Күдіктілердің жеке басы анықталды - олар кісі өлтіргеннен кейін оқиға орнынан қашып кеткен 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелді.