«Талибан» қозғалысы құрған Ауғанстанның Қорғаныс министрлігі Өзбекстан мен Тәжікстанға өткен жылдың тамыз айында Орталық Азияның посткеңестік республикаларына ұрланған тікұшақтарды қайтару туралы өтінішпен тағы да жүгінді, деп хабарлайды Egemen.kz Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.
Талибан қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Инаятулла Хоразами Кабул ұрланған тікұшақтарды қайтарғысы келетінін айтты.
«Тікұшақтар – ауған халқының меншігі. Оларды қазіргі үкіметке қайтару керек», деді Хоразами.
Ал кейбір ауған сарапшылары Талибан үкіметін халықаралық қауымдастық мойындамайынша, тікұшақтарды қайтарып алу мүмкін емес деп санайды.