• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Тамыз, 2022

Павлодарда мұнайды заңсыз сатқандар жазаланды

214 рет
көрсетілді

Павлодар облысында мұнай өнімдерін тиісті құжаттарсыз тасымалдау және сату фактілері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында 15 көтерме жеткізушіден 610 миллион теңгеден астам сомаға 3,5 мың тонна АИ-92 маркалы бензин сатып алу фактісі анықталды, ол кейіннен белгісіз тұлғаларға «Унгефуг» ЖШС-дан құжаттарсыз сатылған.

Дәл осы ЖШС құжатсыз жалпы сомасы 550 миллион теңгеден астам жалпы көлемі 2,4 мың тонна дизель отынын сатқан.

Сот Ж.С.Шұғатаевты 6 жылға, С.Г.Унгефугты 4 жыл 6 айға, Е.Х.Шамиевті 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға, 3 көлік пен 3 жартылай жүк тіркемелерін тәркілеуге үкім шығарды.

Соңғы жаңалықтар