• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Тамыз, 2022

Қашағанда мұнай қайта өндіріле бастады

437 рет
көрсетілді

10 тамызға қараған түні Қашаған кен орнында мұнай өндіруді кезең-кезеңімен қалпына келтіру басталды. Бұл туралы Солтүстік Каспий жобасының операторы NCOC (North Caspian Operating Company) баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теңіз және жер үсті кешендерінде рұқсаттарға сәйкес белгілі бір уақытқа дейін газ жағу шектелетіні айтылған.

«Газды жағу Қашаған кен орнын игеруді қамтитын осындай күрделі өндірістік операцияларды қайта бастаудың стандартты процесі саналады және шектеулі уақыт ішінде үзіліспен жүргізіледі», деді компания өкілдері.

Еске сала кетейік, 5 тамызда Қашағанда мұнай өндіру газдың шығу белгілеріне байланысты тоқтатылғаны хабарланған болатын.