• RUB:
    5.05
  • USD:
    494.95
  • EUR:
    525.49
Басты сайтқа өту
Экология 10 Тамыз, 2022

Сырдария өзенінің сағасы қалпына келтіріледі

763 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сырдария өзенінің сағасын қалпына келтіру жұмысы 2023 жылы басталатынын хабарлады, деп жазады 

«Бүгінгі күні Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жөніндегі жобаның бірінші кезеңі (САРАТС-1) аясында салынған Көкарал бөгеті қайта жаңартуды талап етеді. Су көлемі 27 млрд текше метр болатын шағын Арал теңізінің бір облыста ғана емес, әлеуметтік-экономикалық дамуға айтарлықтай әсер ететінін ескере отырып, Мемлекет басшысы 2019 жылы Үкіметке шағын Аралды сақтау бойынша іс-шаралар қабылдауды тапсырды», деді Үкімет басшысы депутаттар жолдаған сауалға берген жауабында.

Премьер-Министр бұл мәселе Үкіметтің назарында екенін айтты.

«Осыған байланысты, 2020 жылы «Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің сағасын қалпына келтіру» жобасының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге республикалық бюджеттен 100,5 млн теңге бөлінді. Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жобаның ЖСҚ-сына мемлекеттік сараптама қорытындысы осы жылдың қыркүйек айында шығуы керек. Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2023 жылы бастау жоспарланып отыр», деді Әлихан Смайылов.