Әлеуметтік желіде бес жасар Мәдина Ерланқызының мәйіті табылған жерден кадрлар жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Міне, бәрі лентамен қоршалған. Бүлдіршін «Нива» тұрған жерден құлады», дейді видео авторы. Ол еріктілердің бірі болуы мүмкін.
Еске сала кетсек, 7 тамызда із-түссіз жоғалған Қостанай облысының Жамбыл кентінде бес жасар Мәдина Ерланқызының мәйіті 10 тамызда сағат 17:40-та үйден үш шақырым жерде орналасқан жасанды каналдан табылды. Полиция қыздың суға батып кеткен жері биік қабырғалары бар, суға толы арық екенін айтты.