Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі бұйрығымен жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу ережесі бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге келесі мөлшерде біржолғы сыйақы көрсетілген сертификат тапсырылады:
I дәрежелі диплом мен алтын медаль үшін - 1500 АЕК (4 594 500 теңге); II дәрежелі диплом мен күміс медаль үшін - 1000 АЕК (3 063 000 теңге); III дәрежелі диплом мен қола медаль үшін - 500 АЕК (1 531 500 теңге).Педагогтерге келесі мөлшерде біржолғы сыйақы көрсетілген сертификат тапсырылады:
I дәрежелі диплом мен алтын медаль иегерін дайындаған педагогке - базалық лауазымдық айлықақының 26,5 еселенген мөлшерінде; ІІ дәрежелі диплом мен күміс медаль иегерін даярлаған педагогке - базалық білім; ІІІ дәрежелі диплом мен қола медаль иегерін дайындаған педагогке - базалық ЕҰ-ның 8,5 еселенген мөлшерінде төленеді.Біржолғы сыйақы алу үшін үміткерлер «Дарын» РҒПО-ға келесі құжаттарды ұсынады:
Жеке басын куәландыратын құжаттың (бар боса) немесе туу туралы куәліктің немесе паспорттың көшірмесі; I, II, III дәрежелі дипломдардың көшірмелері; ағымдағы банктік шоттың деректемелері; педагогтің жұмыс орнынан анықтама; педагог туралы деректерді көрсете отырып, біржолғы сыйақы иегерінің оқу орнынан анықтама.Педагогтер екі және одан да көп жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған кезде біржолғы сыйақы әрбір жеңімпаз бен жүлдегер үшін төленеді.
Білім алушыларға екі және одан да көп педагогты көрсеткен кезде біржолғы сыйақы сомасы көрсетілген педагогтер арасында тең пропорцияда бөлінеді.
Біржолғы сыйақы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленеді.
Бұйрық 2022 жылғы 21 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.