• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Тамыз, 2022

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті қолға түсті

217 рет
көрсетілді

Ақтөбеде Ұлттық ұлан қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, 10 тамыз күні сағат 21:40 шамасында 6655 әскери бөлімінің қызметкерлері ішімдікке масайған күдікті азаматты тоқтатып, құжаттарын тексерген. Нәтижесінде ер адамға Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары іздеу жариялағаны анықталады. Сондай-ақ, күдіктіге елімізде де Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-тармағы (Алдын ала сөз байласу арқылы ұрлық жасау) бойынша іздеу салынғаны белгілі болды.

Күдікті Ақтөбе қаласының полиция басқармасына жеткізілді.