• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 11 Тамыз, 2022

Елорданың биылғы бюджеті бекітілді

154 рет
көрсетілді

Елорданың биылғы бюджеті – 867 млрд 234 млн теңге болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Манқараев хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Іс жүзіндегі түсімге жүргізілген сараптамаға сәйкес, жергілікті кіріске қатысты жоспарды болжаммен 50 млрд теңгеге арттыра отырып, 534,8 млрд теңгеге жеткізу ұсынылады. Оның ішінде салық түсімдері – 40 млрд теңгеге, салық емес түсімдер – 4,8 млрд теңгеге, ал негізгі капиталды сатудан түсетін түсім – 5,2 млрд теңгеге артық болады», деді Қайсар Манқараев қалалық мәслихаттың қоғамдық кеңесі отырысында.

Басқарма басшысының айтуынша, енгізілген өзгертулерді ескерген кездегі елорданың нақтыланған бюджетінің жалпы көлемі биыл – 867 млрд 234 млн теңге.

«Оның ішінде жергілікті кіріс түсімі – 534 млрд 862 млн теңге, республикалық бюджеттен трансферт түріндегі түсім – 236 млрд 927 млн теңге, займ түсімдері – 32 млрд 167 млн теңге, сонымен қатар қалдық қаражат – 63 млрд 277 млн теңге мөлшерінде болады», деді ол.