• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Тамыз, 2022

Елордалық оқушыларға оқу құралдары салынған сөмкелер беріледі

646 рет
көрсетілді

«Мектепке жол» акциясы аясында 10 мыңға жуық елордалық оқушыға қажетті оқу құралдары салынған сөмкелер беріледі, деп хабарлайды  Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жаңа 2022-2023 оқу жылында аудан әкімдіктерімен бірлесіп, демеушілік қаражат есебінен 10 мыңға жуық балаға керек-жарақтары бар мектеп сөмкесі берілмек. Оны бірінші кезекте әлеуметтік осал топ санатына жататын оқушылар алады», деп атап өтті басқарма басшысы.

Айта кетсек, Республикалық «Мектепке жол» акциясы 1 тамызда бастау алған. Қазіргі уақытта аталған шараға мемлекеттік органдарды, меценаттарды, демеушілер мен үкіметтік емес ұйымдарды тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.