12 тамыздағы мәлімет бойынша, 24 461 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, деп хабарлайды Egemen.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олардың ішінде 1 240 пациент стационарда, 23 221 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 33 адамның жағдайы ауыр, 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.