• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 12 Тамыз, 2022

Тұлпар-Тальго пойыздарының басшыларынан сыйақы алғандар анықталды

186 рет
көрсетілді

Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті «Экспресс» филиалының «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша учаскесінің бастығы мен оның орынбасарының «Тұлпар-Тальго» пойыздарының басшыларынан жүйелі түрде ақшалай сыйақы алу фактілерін анықтады. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Экспресс» филиалының «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының елордалық учаскесінің басшысы мен оның орынбасары тексеру жүргізбегені үшін әр рейстен заңсыз ақша талап етіп, алып отырған. Барлығы 27 эпизод анықталды.

Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 6 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі тиіс.

«Қазір аталған ұйымға қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс енгізілді», делінген хабарламада.