• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Тамыз, 2022

Ақмола облысында газ баллоны жарылып, 1 адам көз жұмды

222 рет
көрсетілді

Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Тайтөбе ауылында газ баллоны жарылды. Салдарынан 1 адам көз жұмып, 2 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Целиноград ауданы Тайтөбе ауылында тұрғын үй ауласында газ баллоны жарылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бір адам қайтыс болды, екеуі жарақат алды, оның ішінде 4 жасар бала бар», делінген хабарламада.