Мәңгілік ел даңғылы бойында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты 14 қоғамдық көліктің қозғалыс бағыты уақытша өзгертілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
City Transportation Systems компаниясы хабарлағандай, жол жөндеу жұмыстары Достық көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі аралықта жүріп жатыр. Осыған байланысты № 15, 15А, 19, 21, 28, 32, 35, 43, 46, 50, 52, 54, 61, 70 автобустардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.
Сонымен қатар жол жабындысы жүруге жарамды болғанға дейін № 5А, 6, 16 және 72 қоғамдық көліктері де уақытша өзге схема бойынша қатынайды.