• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Тамыз, 2022

Түркістанда заңсыз алкоголь өнімдерін өндіретін 3 цех анықталды

244 рет
көрсетілді

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚМА Жедел-тергеу іс-шаралары барысында бір топ азамат Түркістан облысы және Шымкент қаласында орналасқан қойма үй-жайларында жасанды алкоголь өнімін өндіру бойынша 3 жасырын цех жұмыстарын ұйымдастырып, заңсыз өнімді Түркістан облысы аумағында орналасқан сауда орындарына сатқан.

Цехтерде жүргізілген тінту кезінде 5,5 мың дана есепке алу-бақылау маркалары, 5 тоннадан аса құрамында спирті бар сұйықтық, 6,5 мың бөтелке арақ, 24 мыңнан аса заттаңба анықталып, тәркіленді. Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.