Кеше АҚШ-тың Цинциннати қаласында теннистен аса ірі халықаралық турнир басталды. Жүлде қоры 2 527 250 АҚШ долларын құраған жарыста қос жерлесіміз бақ сынауда.
Еліміздің бірінші және әлемнің 27-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда Майар Шерифпен шеберлік байқасады. Мысыр елінің өкілі WTA рейтингінде 60-сатыға жайғасқан. Егер Рыбакина Шерифті ұтса, келесі кезеңде ол кезінде үздіктер тізімінде көш бастаған испаниялық Гарбинье Мугурусамен күш сынасады. Күні кеше ғана Торонтодағы турнирдің ширек финалына дейін жеткен Юлия Путинцева Мэдисон Кизбен ойнайды. Қазіргі кезде мықтылар рейтингінде 27-сатыға жайғасқан америкалық теннисші кезінде US open додасының финалында ойнаса, биыл Аустралияның ашық біріншілігінің жартылай финалына дейін жетті. Жерлесіміздің жолы болған жағдайда, яғни екінші айналымда бразилиялық Беатрис Хаддад-Май мен латвиялық Елена Остапенко арасындағы кезесудің жеңімпазымен жолығады.