• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Туризм 16 Тамыз, 2022

Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алады

220 рет
көрсетілді

Қазақстан Үкіметі Никарагуа үкіметімен визалық талаптарды өзара жою туралы келісім жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандықтар елге  алғашқы кірген күннен бастап әрбір 180 күндік кезең ішінде Никарагуада 30 күнге дейінгі мерзімге визасыз бола алады.

«Екінші тарап мемлекетінің аумағында 30 күннен артық болуға не оның аумағында еңбек немесе коммерциялық қызметті жүзеге асыруға ниеттенген бір тарап мемлекетінің азаматтары екінші тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес талап етілетін тиісті визаны алуы тиіс», делінген қаулыда.

Никарагуа - Тынық мұхиты мен Кариб теңізінің арасында орналасқан Орталық Америкадағы мемлекет. Оның ландшафтын көлдер, жанартаулар мен жағажайлар құрайды.

Жақында Қазақстан мен Андорра визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды. СІМ бұл біздің елдеріміз арасындағы алғашқы үкіметаралық келісім екенін атап өтті.