Алматыда дизельдік отынға сұраныс артып келеді. Қала әкімдігі Алматының жанар-жағармай құю бекеттерінде өзге өңірлерден келген ауыр жүк көліктері жиі жанармай құя бастағанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Қазір жергілікті билік көтерме жеткізушілермен бірлесіп, тұрғындарды қажетті көлемде дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесін пысықтауда. Сондай-ақ олар дүрлікпеу үшін мұнай базалары мен жанармай құю бекеттеріндегі қорларға тұрақты мониторинг жүргізеді.
«Жеткізудің үзілуін болдырмау үшін ҚТЖ-мен үйлестіру жұмыстары жолға қойылған. Мегаполисті дизельдік отынмен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда», деп сендірді қала әкімдігі.
Айта кетейік, бүгінде Алматыда 220 жанармай құю бекеті жұмыс істейді.