• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 17 Тамыз, 2022

Дипломаттар марапатталды

575 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігінде Қазақстанның дипломатиялық қызметінің 30 жылдығына орай мемлекет қайраткерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шараға грек-рим күресінен КСРО-ның ең­бек сіңірген спорт шебері, екі дүркін Олимпиада жүлдегері, жеті дүркін КСРО чемпионы, әлем, Еуропа, Азия және Азия ойындарының жеңімпазы, UWW бюросының мүшесі, Азия күрес федерациясының президенті (Азия кеңесі UWW) және Қазақ­стан Республикасы күрес феде­рациясының басшысы Дәулет Тұрлыханов қатысты.

Өкілдіктің Дәулет Тұрлыха­новтың атына жазылған құттық­тау хатында оның әлемдік спорт аренасында халықаралық ын­тымақтастық пен мемле­кет мүд­­­десін қорғаудың баста­­уын­­да тұрған Тәуелсіз Қазақ­стан­­­ның алғашқы спорт қаһар­ман­дар­ның бірі екені, Ота­ны­мыз­­дың ха­лықаралық спорт сала­сындағы елшісі екені аталып өткен.

«Сіздің жарқын да тамаша же­тістіктеріңіз және 30 жыл бойы өзіңіз басқарып келе жатқан Қазақстан құрамасының зор табыстары – Қазақстан спортының дамуына қосылған лайықты үлес! Бела­русь Республикасының Құр­метті консулы ретіндегі жоға­ры дипломатиялық саладағы қыз­метіңіз біздің халықтарымыз ара­сындағы достық пен ын­ты­мақ­­тастықтың дәнекері, адам­гер­шілік пен мейірімділіктің жал­пы­­адамзаттық құндылық­тарын насихаттаудың озық үлгісі! Сіз және сіздің отбасыңызға, спорт ұжымдарына және Құр­мет­ті консулдық ұжымына жаңа жетіс­тіктер, табыстар мен же­ңістер, сәттілік, өмірдің барлық саласында береке, отбасылық амандық пен бақыт тілейміз», делінген өкілдіктің чемпионның атына жазылған құттықтау хатында.

Сондай-ақ Аустрияның құр­метті консулы, Қазақстан Респуб­ликасы Денсаулық сақтау минис­трлігінің еңбек сіңірген қызмет­кері Илья Зальцман мен Қа­зақ­стан Республикасы диплома­тиялық қызметінің ардагері Лейла Байшина да мерейтойлық медальдармен марапатталды.

Өз кезегінде Қазақстан Сырт­қы істер ми­нистр­лігі Алматы қала­сындағы Өкіл­дігінің бас­шысы Ас­қар Шоқы­баев әріп­тес­терін құт­тық­тап, халық­ара­лық ын­тымақ­тас­тықты нығайту және әлем­дік аренада ел мүддесін қорғау жо­лында одан әрі жемісті жұмыс тіледі.

 

АЛМАТЫ